"Үшеу салу керек". Қазақстандық ғалым пандемияны тоқтата алатын вакциналарды атады » The Asia Times - события в Азии и в мире: темы дня, фото, видео, инфографика.

"Үшеу салу керек". Қазақстандық ғалым пандемияны тоқтата алатын вакциналарды атады

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырып, көп ұзамай COVID-19 жұқтырған. Қазақстандық ғалымның айтуынша, кез келген вакцинадан кейін түзілген антиденелер алты айда жоғалып кетеді. Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырған қазақстандық ғалым иммундауды жиілету керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды
Табынов аустралиялық COVAX-19 вакцинасын алып, Қазақстанда бірінші болып COVID-19-ға қарсы салдырған.
"Жақсы вакцина, олардың өз адъюванттарына негізделген, яғни иммундық реакцияны жақсартатын препарат. Біз оның үлгілерін алып, мен біріншісін және 21 күннен кейін екінші дозасын салдырдым. Иммундық реакция өте күшті қалыптасты, 6 айдан кейін кез келген вакцинадағыдай антиденелер жоғала бастады. Осыдан кейін, нанобөлшектерге негізделген интраназалдық NARUVAX-C19/Nano эксперименттік вакцинасын қабылдадым. Ол мұрынішілік вакцина, коммерциялық вакцина ретінде әлі жоқ, кейінірек біз зертханалық жануарларға тәжірибе жасаған кезде, оның толық қорғаныс жасамайтынын білдік. Сондықтан болар, екінші мәрте жасалған иммундау толыққанды қорғанысты қамтамасыз етпеді, маған вирус жұқты. Дәл қазір бұл вакцинаның құрамын жақсартып, сынақ зерттеулерімізді бастап кеттік. Бұл жолы әлдеқайда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын", - деді Табынов.
Ғалымның айтуынша, жаппай қолданысқа енетін болса, мұрынға шашатын вакцина екпеден қорқатындар үшін жақсы жаңалық болады.


КОММЕНТАРИИ